Signal – құпиялылық басты назарға алатын хат алмасу қолданбасы. Ол – тегін және оңай қолданба, сондай-ақ мықты шифрлау жүйесінң арқасында хаттарыңыздың барлығы құпия сақталады.

• Мәтіндік, дауыстық хаттар, фотосуреттер, видеолар, GIF файлдарын және басқа файлдарды тегін жіберіңіз. Signal телефоныңыздағы деректерге байланысты пайдаланады, сондықтан SMS және MMS үшін ақы алынбайды.

• Достарыңызға толықтай шифрланған дауыстық және видеоқоңыраулар жасаңыз. Топтық қоңырауға 40 адамға дейін қосуға болады.

• Топтық чаттардың көмегімен 1000-ға жуық адаммен байланыста боласыз. Әкімші рұқсатының параметрлері арқылы кім хат жібере алатынын және топ мүшелерін басқара алатынын реттеңіз.

• Суретті, мәтінді және видео стористерді бөлісіңіз, олар 24 сағаттан кейін өшіп қалады. Құпиялылық параметрлері арқылы стористеріңізді кім көре алатынын реттеуге болады.

• Signal деректеріңізді құпия сақтау үшін жасалған. Біздің сіздің кім екеніңізді және кіммен сөйлесіп жатқаныңызды білмейміз. Бастапқы көзі ашық Signal протоколының арқасында сіздің хаттарыңызды оқи алмаймыз немесе қоңырауларыңызды тыңдай алмаймыз. Ол ешкімнің қолынан келмейді. Құпия кіретін жерлер жоқ, деректер жиналмайды, ымыраға келу мүмкін емес.

• Signal – тәуелсіз және коммерциялық емес қолданба. Басқа ұйымдарға мүлде ұқсамайды. 501c3 коммерциялық емес ұйым болғандықтан, біз жарнама берушілердің немесе инвесторлардың емес, пайдаланушылардың демеуінің арқасында жұмыс істейміз.

• Қолдау көрсеткіңіз келсе, сұрақтарыңыз болса немесе толық ақпарат алғыңыз келсе, https://support.signal.org/ парақшасына кіріңіз.

Бастапқы кодымызды көру үшін https://github.com/​signalapp парақшасын ашыңыз.

Twitter-дегі @signalapp және Instagram-дағы @signal_app парақшаларына жазылыңыз